EXPO-2017

ЭКСПО-2017 құрылысында барлық жұмыстардың 30 пайызы орындалды

Қазіргі таңда еліміздегі ең басты құрылыс ЭКСПО-2017 алаңы 174 гектарды алып жатыр және ондағы жұмыстардың 30 пайызы орындалды, деп хабарлайды «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы.
Астана қаласы28 Сәуір , 16:08

«Ал, көрменің ең үлкен алаңдардың бірі болып табылатын Қазақстан павильонында үлкен шар салынуда, көрме аяқталған соң ол Болашақ музейіне айналады. Орталық павильонның шатырына арнайы жел генераторлары орнатылады және ол бүкіл ғимаратты энергиямен қамтамасыз етіп отыратын болады», -делінген хабарламада.      

Жалпы алғанда көрме кешенінің барлық нысандары жоғары технологиялармен қамтамасыз етіледі. Осыған қарай, ондағы оттегінің мөлшері, нысанның жарықтандырылуы, ауаның ылғалдылығы барлығы есепке алынады. Көрме кешені жақсы ойластырылған инновациялық қаланың  үлгісіне айналады. Көрменің құрылыс-монтаждық жұмыстарының шарықтау шегі 2015 жылға тап келеді және олар 2016 жылдың қыркүйегінде аяқталуы керек. Қазіргі таңда құрылысқа 3 мың 500 адам тартылған. Жазда, яғни құрылыс жұмыстарының шарықтау шегіне жеткен кезде құрылысшылар саны 20 пайызға ұлғаюуы мүмкін.    

Көрме өткен соң  ондағы қонақтарға арналған үй көрмесі, мейманханалар мен Конгрес-орталықтар өзінің негізгі мақсаты бойынша пайдаланылады. Ал, кейбір ғимараттар көрмелер өткізу үшін пайдаланылады, онда әлемнің түрлі музейлерінен арнайы экспонаттар әкелініп қойылады.

Осы уақытта ұлттық компанияда көрме нысандарын пайдалану бойынша арнайы жоспар дайындалуда. Ол Үкіметтің қарауына биылғы жылдың шілде айында ұсынылатын болады.

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика