«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

Маңғыстау облысында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша «Ақтау-Бейнеу-Атырау» жолы қалпына келтірілуде

Маңғыстау облысында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша «Ақтау-Бейнеу-Атырау» тас жолы қалпына келтірілуде, деп хабарлады жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары басқармасы.
Маңғыстау28 Сәуір , 13:09

«Маңғыстау облысындағы көлік инфрақұрылымын дамыту үшін республикалық бюджет қаржысынан Азия даму банкінің несиесін тарту арқылы «Ақтау-Бейнеу-Атырау» автожолы қалпына келтірілуде. Бүгінде «Бейнеу-Шетпе» учаскесінде құрылыс жұмыстары аяқталып қалды және «Шетпе-Жетібай-Ақтау» учаскесінде құрылыс жұмыстары басталуда», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, «Сыңғырлау-Сам-Ноғайты-Тұрыш» автожолының құрылысы және Ақтау-Қаламқас  автожолының облысішілік «Ақтау-Ақшүкір» мен «Ақтау-С.Шапағатова» бағыттары бойынша  автопавильондардың құрылысы басталды.

Бұдан басқа, «Ақтау-Күйіліс», «Форт-Шевченко - Ақтау-Қаламқас жолының 43 шақырымына дейін» және «Ақтау-Қаламқас» жолдарының күрделі жөндеу жұмыстары басталды.




Яндекс.Метрика