Адами капитал

Қазақстанда еңбекті қорғау қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты кешенді жоспар дайындалуда (ФОТО)

Қазақстанда Үкімет пен Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің тапсырмасы негізінде әлеуметтік әріптестермен бірге еңбекті қорғау қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі кешенді жоспар дайындалуда, делінген Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың KIOSH 2015 конференциясына қатысушыларға жолдаған құттықтауында.
Астана қаласы 28 Сәуір, 12:08

«Осы жоспардың аясында еңбекті қорғау қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмысшының өмірі мен денсаулығын сақтауға қатысты превентивті шаралар қолдануды қарастыратын іс-шаралар кешенін дайындау жоспарлануда. Онда сонымен қатар, кәсіби ауруларды ерте бастан анықтау жүйесі мен күнделікті тәжірибеде кәсіби тәуекелдерді басқару тетігін енгізу мәселелері  қарастырылатын болады»,-делінген Премьер-Министрдің орынбасарының хатында.   

Бүтіндей алғанда, Қазақстан Республикасының Үкіметі сауықтыру мен еңбекті қорғау, мықты, тиімді мемлекеттік еңбек инспекциясын құру арқылы жұмысшылардың еңбектерін сақтандыру қауіпсіздігін қорғауға бағытталған ұлттық мәдениетті қалыптастыру мен нығайту үшін барлық шараларды қарастырады.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада еңбекті қорғау мен өнеркәсіп қауіпсіздігіне байланысты 5-ші қазақстандық халықаралық көрме-конференция өтіп жатыр   

Ботагоз Айтжанова

Фото Азамат Алиев





Яндекс.Метрика