Су ресурстарына арналған жаңа саясат

ҚР АШМ бір салада жұмыс істеуге 5 балық шаруашылығы зауытын нарыққа шығарады

ҚР АШМ бір салада жұмыс істеуге 5 балық шаруашылығы зауытын нарыққа шығарады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаев.
Астана қаласы28 Сәуір , 11:41

«Елімізде жекешелендірудің екінші толқыны жүріп жатыр, оның аясында бір салада жұмыс істеуге 5 балық шаруашылығы зауыты нарыққа шығарылады. Олар Петропавл, Қапшағай, Майбалық, Қамышлабаш, Қызылорда мен Алматы да бар, яғни 7-дің 5-уі», - деді Ерлан Нысанбаев ОКҚ-да өткен брифингте.

Бұдан басқа, Ауыл шаруашылығы министрлігі Қаржы министрлігіне нақты бір салада жұмыс істеген уақыты 3 жылдан кем емес ұйымдардың дәрежесін сақтап қалу туралы хат жіберді.

«Біз бизнестің белсенді әрекет етіп жатқанын көріп отырмыз. Тіпті су қоймаларын балық шаруашылығы үшін алған көптеген табиғат пайдаланушылардың мемлекеттік тапсырысты орындауға және су қоймаларын сауықтыруға қуаты жететініне көзіміз жетті. Сондықтан олар келер жылдан бастап баршаға ортақ тәртіпте мемлекеттік тапсырысты алу үшін тендерге қатысатын болады», - деп атап өтті вице-министр.

Камила Амирова




Дерекнама

Яндекс.Метрика