Халықаралық интеграция

Нью-Йоркте Қазақстанның ядролық қарудан бас тарту мен оны таратпау үдерісіне қосқан ерекше үлесі аталып өтті

Нью-Йоркте қазақстандық делегацияның басшысы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев Ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісімнің жүзеге асырылу барысын талқылауға арналған шолу конференцияның пленарлық мәжілісінде сөз сөйледі,-деп хабаралайды ҚР СІМ.
Әлемде28 Сәуір , 15:24

Хабарламада айтылғанындай, Қазақстан Ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісім  ядролық қаруды таратпау және жаһандық қауіпсіздік режимінің өзегі болып табылатындығына және оны жан-жақты жетілдіру қажеттігіне сенімді. Қазақстан ядролық қарудан бас тарту, оны таратпау, оны бейбіт бағытта қолдану сияқты келісімнің негізгі деген үш бағытын тиімді теңдестірілген түрде жүзеге асыру қажет деп есептейді. Бұл ретте, халықаралық жағдайдың шиеленісіп отырған кезінде халықаралық құқықтың көзқарас қайшылықтарын бейбіт түрде шешу, күш қолданумен қорқытуды пайдаланудан бас тарту, территориялық тұтастық пен шекараның бұзылмауы сияқты негізқұраушы ұстанымдарға сүйену керек.   

Қазақстан Республикасының ядролық қарудан бас тарту мен оны таратпау жөніндегі жаһандық үдеріске қосқан үлесі аталып өтіп, Қазақстан Республикасы Президентінің 29-тамызды Халықаралық ядролық қарудан бас тарту күні  деп жариялау жөніндегі және «Атом» атты жоба негізінде Ядролық әлемге қол жеткізу туралы жалпыға ортақ декларация қабылдау туралы  бастамасы туралы айтылды.    

Конференцияның  тең төрағасы Жалпыға бірдей ядролық сынақтардан бас тарту келісімнің XIV бабы бойынша Қазақстан аталмыш келесімді ратификацияламаған, яғни оған қосылмаған елдердің барлығын бұл істі жедел түрде іске асыруға шақырды.  

 

  




Яндекс.Метрика