Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

ҚР Вице-премьері: Еңбек қауіпсіздігінің шарттары – Қазақстанның ұлттық басымдығы

Еңбек қауіпсіздігі адами ресурстарды сақтауға бағытталған ұлттық басымдықтардың бірі болып табылады, деді Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Дәулет Арғындықов KIOSH 2015 конференциясының барысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың конференцияға қатысушыларға арнаған құттықтауын оқып тұрып.
Астана қаласы28 Сәуір , 11:07

«ҚР Үкіметі еңбек қауіпсіздігін қалыптастыру шарттарына қатысты мәселелерге жіті назар аударып отыр. Бұл адами ресурстарды сақтауға бағытталған ұлттық басымдықтардың бірі. «Қазақстан-2050» стратегиясында Президент әлеуметтік саясаттың жаңа ұстанымдарын көрсетті. Оның басты мақсаты әлеуметтік қауіпсіздік пен азаматтардың әл-ауқатының дұрыс болуын қамтамасыз – бұл тұрақтылықтың басты кепілі»,-делінген Б.Сапарбаевтың құттықтауында.  

Оның сөзінше, бұл өте маңызды міндет және ол әрбір қазақстандыққа қатысты.

«Бұл ретте жан-жақты қарастырылған көзқарас қажет. Сол себепті 2015-2017 жылдарды қамтитын бас келісімнің әлеуметтік-еңбек қатынастарына қатысты, яғни негізгі бағыттары бойынша Үкімет пен республикалық жұмыс берушілер бірлестігі өздеріне бірқатар міндеттер алды. Олар бойынша еңбекті сақтандыруды басқару жүйесін енгізу үшін заңнаманы жетілдіріп, жұмысшылардың өмірі мен денсаулықтарын сақтау бойынша тиісті кешенді шаралар қабылдау қажет»,-делінеді Вице-Премьердің құттықтауында.      

Осылайша, KIOSH 2015 конференциясында өндіріс процестерін басқару тақарыбы мен еңбекті сақтандыру  қауіпсіздігі жүйесін жетілдірудің негізгі бағыттары талқыланды.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика