Мәдениетті жаңғырту

Абайдың мемлекеттік-қорық мұражайында «Абай-әлем тілдерінде» атты көрме ашылды

Абайдың мемлекеттік-қорық мұражайында Ұлы ақынның 170 жылдығына, Қазақстан Халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай «Абай — әлем тілдерінде» атты көрме ашылды, деп хабарлады Мәдениет және спорт министрлігі.
Астана қаласы28 Сәуір , 20:21

«Ең басты мақсат — Абай әлемінің бар құдіретін, болмыс-құпиясын төтркүл дүниеге барынша мол таныту. Абайды жете таныту арқылы туған халқымыздың мәдени келбетін, қадыр-қасиетін, шыққан биігін, рухани жетістіктерін әлемге әйгілеу», — деп Елбасы Н. Назарбаев айтқандай көрмеде Абай мұрасын жан-жақты танытуға баса назар аударылды.

Мұражай қорында жинақталған 32 тілге аударылған Абай шығармаларының бірегей жинақтары, қолжазбалары, тақырыпқа байланысты тарихи фотосуреттер, шетел елшілерінің алғыс-тілектері, пікірлері, аудармашылар туралы мәліметтер, аудармашылардың хаттары алғаш рет көрмеге шығарылды.

Көрменің ашылу салтанатында директордың ғылыми істер жөніндегі орынбасары М.Қайрамбаева сөз сөйлеп, «Достық үйінің" директоры А. Тлеубаев және ардагер Х. Матаев тұсауын кесті.




Яндекс.Метрика