Су ресурстарына арналған жаңа саясат

«Агробизнес-2020» бағдарламасы бойынша бағалы балықтарды өсіруге 1,8 млрд теңге көлемінде жеңілдіктер әзірленді

«Агробизнес-2020» бағдарламасы бойынша бағалы балықтарды өсіруге 1,8 млрд теңге көлемінде жеңілдіктер әзірленді , деп хабарлады Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаев.
Астана қаласы28 Сәуір , 10:51

«Бүгінде біз жеке бизнестің тауарлық балық шаруашылығы саласындағы белсенділігін байқап отырмыз. Мемлекет тарапынан мемлекеттік қолдау түрінде жеңілдіктер бар. Сонымен, Агробизнес-2020  бағдарламасы бойынша асыл тұқымды бағалы балықтарды өсіруге субсидия қарастырылған. 2016 жылдан бастап 2020 жылға дейін 1 млрд 800 млн теңге көлемінде жеңілдіктер қарастырылып отыр», - деді Ерлан Нысанбаев ОКҚ-да өткен брифингте.

Жалпы, вице-министр атап өткендей, 2014 жылы жеке бизнес ішкі нарықта 800 тонна көлемінде балықты саудаға шығарды.

«Бекіре тұқымдас балық шаруашылығы қожалығының құрылысына кеткен шығынның 20%-ын өтейміз. Бұдан басқа бизнестің табысты дамуы үшін қымбат құралдар мен жем сатып алуды қаржыландыру мәселесін қарастырудамыз», - деп толықтырды Е.Нысанбаев.

Сондай-ақ, ведомство нормативті  құқытық базаға өзгертулер мен толқытырулар енгізуді қарастыруда.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика