Сайлау-2015

ҚР ОСК Н.Назарбаевты ҚР Президенті ретінде тіркеді

ҚР ОСК Н.Назарбаевты ҚР Президенті ретінде тіркелді, деді ҚР ОСК төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов ҚР Президенттігіне кезектен тыс сайлауындағы дауыс беру қорытындыларына арналған отырыста.
Астана қаласы28 Сәуір , 10:47

"Тіркелген 9 млн  900 мың 920 сайлаушының 9 млн  547 мың  864-і немесе, 95,21 % дауыс беруге қатысты. Әбілғазы Құсайынов үшін 57 718 сайлаушы немесе 0,64%, Нұрсұлтан Назарбаев үшін 8 млн. 833 мың 250 адам, немесе, 97,75%,  Тұрғын Сыздықов үшін 145 мың 756 сайлаушы немесе, 1,061% дауыс берді", - деп хабарлады Қ.Тұрғанқұлов. 

 Ол атап өткендей, Қаулы бойынша облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары хаттамаларының негiзiнде Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев ҚР Президентi болып тiркелді,  тiркелген ҚР Президентiне тиiстi куәлiк тапсырылды.




Яндекс.Метрика