Адами капитал

ҚР Ұлттық музейі Мәскеуде «Біз нацизммен бірге күрестік» көрмесін ұсынады

Мәскеу қаласындағы Ұлы Отан соғысының Орталық музейінде «Біз нацизммен бірге күрестік» атты халықаралық жоба аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің көрмесі өтеді, деп хабарлады Музей.
Әлемде28 Сәуір , 15:54

Көрмеде қазақстандықтардың ІІ-дүниежүзілік соғыстағы ерен ерлігі, жеңіске қосқан өлшеусіз үлесі жайында баяндалатын жәдігерлер қойылмақ. Көрме 3 бөлімнен тұрады.

Брест қамалында 3 мыңнан астам қазақстандық әскери борышын өтеген еді. Мұнда Брест қамалын қорғаушылардың фотосуреттері, Қазақстанда жасақталған дивизиялар туралы мұрағат құжаттары көрсетілген.

Барлығы 12 атқыштар дивизиясы, 7 атқыштар бригадасы, 4 атты дивизия мен полктер және 50-ден астам түрлі бағыттағы полктер мен батальондар құрылды. Бір-екі ай ішінде шұғыл дайындықтан өткізетін бағдарлама бойынша әзірленген атқыштар дивизиялары жасақталды.          

Көрме экспозициясына соғыс ардагерлерінің жеке заттары, хаттары, маршал Сталиннен алған алғыс хатары, ордендері мен медальдары, Сталиннің «О Великой Отечественной войне Советского Союза» атты брошюрасы, Ақмолада (Астана) жасақталған дивизиялардың тулары және т.б.қойылған.

 




Яндекс.Метрика