Адамзаттық капитал

Ақтөбеде Жеңістің 70-жылдығына арналған ардагерлерді ұлықтау жалғасуда

Бекітілген Ұлы Отан Соғысындағы Жеңістің 70-жылдығын мерекелеуге дайындық және оны өткізу Жоспарына сәйкес Ақтөбеде осы айтулы күнге арналған іс-шаралар өтуде, деп хабарлады облыстың ішкі саясат басқармасы.
Ақтөбе28 Сәуір , 11:36

Ақтөбеде жөндеу жүргізуге мұқтаж Ұлы Отан соғысының 76 қатысушысы мен мүгедектерінің тұрмысы мен тұрғын үйін жөндеуге көмек көрсету жөнінде «Ардағым ардагерім» акциясы өтуде.

Мектеп оқушыларының, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің тәрбиеленушілерінің, колледждер оқушыларының қатысуымен «70 добрых дел» іс-шаралар жоспары іске асырылуда.

Қазіргі уақытта мерекелік медальдерді салтанатты тапсыру рәсімі өтуде.

Сәуір-мамырда қаланың кәсіпорындарында, ұйымдарында, оқу орындарында соғыс және еңбек ардагерлерін құрметтеулер, кездесулер, ҰОС мүгедектері мен қатысушыларын, қаза тапқан және қайтыс болған жауынгерлердің жесірлерін және еңбек майданының ардагерлерін құттықтаулар ұйымдастырылатын болады.
Жоспарға сәйкес Ақтөбеде көптеген қоғамдық, әлеуметтік-маңызды, мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шаралар, соның ішінде концерттер, конкурстар, кездесулер, ардагерлерді құрметтеулер, көрмелер, спектакльдер, мерекелік бағдарламалар және басқалары өтеді.

8 мамырда 1941-1945 жж. Жеңістің 70-жылдығын мерекелеу қарсаңында «Энергия» Сауда үйінің (Сәңкібай батыр даңғылы, 72) ұжымы «С низким поклоном от благодарных потомков» жеңімпаздарды құрметтеу, ал «Вега» жиһаз салоны аумағында (312 атқыштар дивизиясы даңғылы, 34А) «Мы помним! Мы гордимся!» концерттік бағдарламасы мен әскери-далалық асхана болады.

Негізгі мерекелік іс-шаралар 9 мамырда өтеді.9 мамырда «Мәңгілік алау» Даңқ Обелискісі алаңында, Ә.Молдағұлова Мемориалды кешенінде, Батырлар Аллеясында, Ә.Молдағұлова ескерткішінде, «Зеңбірек» естелік белгісінде, Бауырластар зиратында «Жеңіс туы желбіресін» салтанатты митингтер болып, гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді.

Соғысқа қатысқан әкелері мен аталарының портреттерін ұстаған ақтөбеліктердің қатысуымен облыстық әкімдіктен бастап қала даңғылдарының бойымен «Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңіс» мерекелік шеруі өтеді.

Қала  саябақтары мен алаңдарында Ұлы Жеңістің 70-жылдығына арналған «Жеңіс күні жасасын!» театрландырылған көріністер, халық серуендері өтеді.

1 мамырда Ақтөбе қаласының даңғылдарында ҰОС Жеңістің 70-жылдығына арналған «Сенің марафоның – Сенің Жеңісің» жартылай марафоны болады.

9 мамырда Берек-Сазды жолында жол таңдамайтын автомобильдердің «Х-Day» Офф-роуд қалалық жарысы болады.
Бұл ақтөбеліктер мен қала қонақтары қатыса алатын іс-шаралардың барлығы емес. Төменде мерекелік іс-шаралардың толық жоспарын жолдаймыз.

 




Яндекс.Метрика