Жұмыспен қамту мен еңбектің жаңа саясаты - Қазақстан – Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Д.Арғандықов: Жұмыс берішулерге қауіпсіз еңбек шарттарын қалыптастыру керек

KIOSH 2015 көрмесі қоғам мен жұмыс бірушілердің назарын қауіпсіз және толыққанды еңбек шарттарын қалыптастыру қажеттігіне назар аударуы керек, деді Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Дәулет Арғандықов KIOSH 2015 көрмесіне байланысты өткен баспасөз-мәслихатында.
Астана қаласы28 Сәуір , 10:29

«Бүгін атаулы дата, біз көрмені осымен алтыншы рет өткізіп отырмыз. Осы жылдар ішінде көрме кәсіби пікіралмасулар мен еңбекті қорғау және оның қауіпсіздігіне қатысты беделді алаңға айналды. Көрме біз үшін өте маңызды, өйткені оның басты мақсаттарының бірі - өндірістік жарақатты азайту мен өндіріс барысындағы қайғылы жағдайлар санын кеміту болып табылады. Конференция мен көрме қалың көпшіліктің назарын жұмыс берушілердің қауіпсіз және толыққында еңбек шарттарын қалыптастыру қажеттігіне аударуды көздейді»,-деді Д.Арғандықов.

Бүтіндей алғанда, KIOSH тарапынан мұнай-газ индустриясы, көмір, тау-кен өнеркәсібі, құрылыс пен агроөнеркәсіп кешені сияқты кәсіби тәуекелдері жоғары салаларға көп көңіл бөледі. 

Астанада еңбекті қорғау мен өнеркәсіп қауіпсіздігіне байланысты 5-ші қазақстандық халықаралық конференция және көрме өтуде.

Ботагөз Айтжанова

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика