Табиғи ресурстарды басқарудың жаңа жүйесі

ШҚО-да орман өнеркәсіп кешенін дамыту бойынша бағдарлама әзірленеді

ШҚО-да орман өнеркәсіп кешенін дамыту бойынша облыстық бағдарлама әзірленетін болады, деп хабарлады ШҚО ақпараттық орталығы.
Шығыс Қазақстан28 Сәуір , 12:23

Бағдарламаны әзірлеу орман шаруашылығының жұмысын тиімді етуге бағытталған. Жұмыс тобы бұл жұмысты үш айдың ішінде аяқтауы тиіс.

«Жыл өткен сайын экономика саласы  өз ұстанымын жоғалтып, ұмыт жағдайға душар болады.  Орман қорының әлеуеті 123 млн теңше метр. Жыл сайынғы орташа  жылдық ағаш өсімі 1,9 млн текше метрді құрайды. Орман құрылысына ұсынылатын көлем 1,5 млн текше метрге тең. Ал, ағаш дайындау көлемі 200-225 мың текше метрге тең», - деді Даниал Ахметов.

Аймақ басшысы атап өткендей, қызықты бизнес-жобалар болатын болса, «Ертіс» ҚӨК» ҰК» АҚ желісі арқылы қарастыруға болады.

Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысының орман қорының алаңы 3 705,6 мың га тең. Оның орманмен көмкерілгені 2000,4 мың га. 




Яндекс.Метрика