Инвестициялар

ҚХР-ның кәсіпкерлері Алматы облысында агроөндіріс саласындағы жобаны жүзеге асыра бастады -ҰКП

ҚХР-ның бизнесмендері Алматы облысында Қазақстандағы үлгілі ғылыми ауыл шаруашылығы паркін жасақтау бойынша ірі жобалардың бірін жүзеге асыра бастады. Айта кетерлік жайт, жоба Жібек жолы экономикалық дамыту тұжырымдамасына енген, деп хабарлады аймақтың КП.
Алматы28 Сәуір , 10:21

Жобаны 100 мың гектар жерге 3-4 жыл ішінде кезең кезеңімен жүзеге асыру жоспарлануда. Жалпы, өндіріс ауылшаруашылығы және мал аруашылығы өнімін өндіреді және қайта өңдейді, тіпті оның өнімі Қазақстан, Қытай және әлемнің өзге мемлекеттерінде сатылатын болады.

«Жобаны жүзеге асыру барысында ғылыми негіздемелер, экологиялық таза өнімді өндіруге мүмкіндік беретін инновациялық технологиялар пайдаланылады. Жобаны жүзеге асыру барысында 10 мыңнан астам жұмыс орны ашылады, ал инвестиция көлемі 900 млн доллардан асады. Бүгінгі таңда жобаға қолдау көрсеткен жергілік атқарушы органдармен жер бөлу бойынша мәселелер келісілуде», - делінген хабарламада. 

Айта кетейік, аталмыш жоба 2014 жылы Қытайдың Шаньси провинциясында өткен Экономикалық Жібек Жолы XVIII  халықаралық форумы барысында  ұсынылған. Ауқымды шараға қатысқан Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ләззәт Шыңғысбаева аталмыш жобаны Алматы облысында пилоттық тұрғыда жүзеге асыруды ұсынды. Қазіргі таңда жобаға инвестициялар құйылды және ол Талдықорған ауданында іске қосылуға дайын.




Яндекс.Метрика