Өңірлер

Қазақстанда жекешелендіру аясында 160 нысан сатылды – Қаржы министрлігі

2015 жылдың 24 сәуірднгі жағдайы бойынша Іс жүзінде саудаға 282 объект шығарылды, оның ішінде 160 объекті сатылды, деп хабарлады Қаржы министрлігі.
Казахстан28 Сәуір , 10:04

«2014-2015 жылдарға арналған сату кестесіне сәйкес сатуға 492 нысан жоспарланған. 2014 жылдың маусым – 2015 жылдың сәуірдегі кезеңінде 303 нысан жекешелендіруге жатады. Республикалық меншік бойынша – 7, коммуналдық меншік бойынша – 68, ӘКК – 48, холдингтер бойынша – 37», - делінген хабарламада.

Сонымен, қаражат келесі түрде таратылды: республикалық бюджетке 730 млн. теңге, облыстық бюджеттерге 745 млн. теңгеден астам, Холдингтер 38 567 млн теңге ұтты, ӘКК 2 915 млн. теңге тапты.

Республикалық меншік бойынша  барлығы 2014-2015 жылдарға арналған сату Кестесі бойынша 34 объекті жекешелендіруге жатады. 2014 жылдың маусым – 2015 жылдың сәуірдегі кезеңінде іс жүзінде сатуға 18 объекті жоспарланған. Ағымдағы жылдың 24 сәуірдегі жағдайы бойынша сауда-саттыққа 18 объекті шығарылды, оның ішінде 7 объекті сатылды.

Коммуналдық меншік бойынша барлығы 2014-2015 жылдарға арналған сату Кестесі бойынша 243 объектінің сатылуы белгіленді. 2014 жылдың маусым – 2015 жылдың сәуір кезеңінде 141 объекті жекешелендіруге жатады. Іс жүзінде 24 сәуірдегі жағдайы бойынша 135 объекті шығарылды, соның ішінде 68 объекті сатылды.

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациялар бойынша әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациялар бойынша 2014-2015 жылдарда сату Кесте бойынша сатуға 109 объекті белгіленді. 2014 жылдың маусым – 2015 жылдың сәуірдегі кезеңінде 75 объекті жекешелендіруге жатады. Іс жүзінде 64 объекті сатуға қойылды, 48 объекті сатылды.

Ұлттық компаниялар мен холдингтер бойынша 2014 – 2015 жж. арналған сату Кестесі бойынша 106 объекті жекешелендіруге жатады, 24 сәуірдегі жағдайы бойынша жоспарланған 69 объектінің 65 объектісі сауда-саттыққа шығарылды, оның ішінде 37 объекті сатылды. 




Дерекнама

Яндекс.Метрика