Ұлттың денсаулығы

Қызылорда облысында «Жәрдем» медпойызының мамандары 300 адамға қызмет көрсетті (Фото)

Қызылорда облысында «Жәрдем» медпойызының мамандары Белкөл кентіндегі 2 күннің өзінде 300-дей адам дәрігерлік көмек көрсетті, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК.
Қызылорда 28 Сәуір, 09:43

««Қазақстан Темір Жолы» АҚ–мен Қазақстан Республикасы  ІІМ ТЖК  «Жәрдем» пойызы әлеуметтік жобасын жүзеге асыруды жалғастыруда. Бұл жолы медициналық пойыз 23 сәуірден 14 мамырға дейін Қызылорда облысына келді. Белкөл кенті, Қараөзек ауылдық округі, Жосалы стансасының және басқа да шалғай жатқан елді мекендері тұрғындарының облыстық диагностикалық орталық деңгейіндегі жоғары білікті мамандар мен дәрігерлерден, тегін медициналық тексерістен өтуге мүмкіндігі бар», - делінген хабарламада.

Медициналық пойыз бригадасы құрамында негізгі мамандықты иеленген дәрігерлер бар: терапевт, бала дәрігері, невропатолог, көз дәрігері, құлақ-тамақ дәрігері, гинеколог, хирург, уролог, маммолог, тіс дәрігері. Олардың бәрі де жоғары білікті дәрігерлер.

Осы пойызда қазіргі заманғы құрал-жабдықтармен жабдықталған 17 медициналық кабинет қызмет көрсетеді. Лабораториялық, жалпы және биохимиялық қан және несеп талдауларын жасау үшін қазіргі заманғы құралдармен, рентгенографиямен және флюорографиямен, ішкі органдар мен тамырларды УЗИ-аппаратымен тексеру, электрокардиограмма, компьютерлік спирография және басқа да диагностикалық зерттеулер жасайды.

Медициналық пойыздың емделушілері жоғары білікті арнайы мамандардан кеңес алуға, шағын оталар жасатуға, оның ішінде урологиялық және гинекологиялық, сонымен қоса тіс емдетуге мүмкіндіігі бар.

Тек қана Белкөл кентіндегі 2 күннің өзінде 300-дей адам дәрігерлік тексеруден өткен. 200-ден астам адамға медициналық және лабораториялық талдаулар жасалған. Көбіне елді мекен тұрғындары тіс ауры, жүйке жүйесі, қан айналымы, қалқанша безінің ауруларына шағымданған.





Яндекс.Метрика