Мәдениетті жаңғырту

Ақмола облысында оқушылар арасында Абай оқулары өтті (ФОТО)

Көкшетауда Ақмола облысының оқушылары арасында Абай оқулары өтті, деп хабарлайды Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасына қарасты «Ақмола Медиа Орталығы».
Ақмола 30 Сәуір, 11:36

Абай оқуларын Білім және ғылым министрлігі, сондай-ақ Ақмола облысының білім басқармасы 2000 жылдан бастап дәстүрлі түрде өткізуде. Мұндағы мақсат өскелең ұрпақты ұлы Абайдың шығармашылық мұралары негізінде тәрбиелеп, білім беру.  Осыған қарай Абай оқулары шарасына оның аймақтағы оқуларының жеңімпаздары қатысты.    

«Шараның ашылу рәсімі 2015 жылдың 23-сәуірі күні Көкшетау қаласында орналасқан, облыстық дарында балаларға арналған мамамандандырылған №3 мектеп-интернатында өтті. Әділқазылар алқасының құрамына Ш.Уәлиханов атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің оқытушылары, облыстық білім басқармасының мамандары, М.Ғабдулин атындағы музейінің қызметкерлері мен «Арқа ажары» газетінің тілшілері қатысты»,- делінген хабарламада.  

Облыстық конкурстың жеңімпаздары анықталып, олар арнайы дипломдармен марапатталды. Облыстық байқаудың жеңімпаздары Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында биылғы жылдың қыркүйек айында Абай-Шәкәрім мавзолейінде өтетін республикалық Абай оқуларының республикалық турына қатысады.    

 

 

 

 

 

 





Яндекс.Метрика