Адамзаттық капитал

Байланыс топтары мен желілерін кеңейту бойынша өткен оқу-жаттығуында жаңа сандық станциялар пайдаланылды (Фото)

Семейдегі 44793 әскери бөлімінің командирі Дәурен Задановтың басшылығымен байланыс тораптары мен желілерін өрістету бойынша арнайы тактикалық оқу-жаттығуы өтті, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Шығыс Қазақстан 28 Сәуір, 09:27

Арнайы тактикалық оқу-жаттығуға 120-дан аса әскери қызметші қатысып, 35 байланыс техникасы тартылды. Оқу-жаттығуға ескі үлгідегі техникадан сипаты жағынан асып түсетін Р142Н1, Р409МЦ, Т240ТМ1 жаңа сандық станциялары пайдаланылғанын айта кеткен жөн.

Жаттығу барысында басқарманың далалық командалық пункті мен запастағы командалық пункт тораптары және тылдық пункт торабы кеңейтілді. Байланыс торабында әскери қызметшілер кезекшілік ұйымдастырып, радиоорталықтар, телеграф және телефон орталықтары, сондай-ақ ұйымдастыру арнасы іске қосылды. Бұдан өзге жауынгерлік жағдайға қажетті түрлі қосалқы жұмыстар іс жүзінде атқарылды.

 Жаттығау шеңберінде барлық тапсырмалар толық пысықталғанын атап өткен жөн. КПББ рота командирі лейтенант Елнұр Дүйсенбинов, аппаратты ЗКПББ бастығы аға сержант Мұратбек Сламов және Р140М радиостанциясының бастығы кіші сержант Айдын Қуанышбаев үздік әскери қызметшілер қатарынан көрінді.

Естеріңізге сала кетсек, байланыс батальондары мен роталарында байланыс тораптары мен желілерін өрістету бойынша арнайы тактикалық оқу-жаттығулары, сондай-ақ нормативтерді дара және топтасып орындау жылына екі рет жауынгерлік даярлық жоспарының аясында өткізіледі.
 





Яндекс.Метрика