Адамзаттық капитал

Ақмола облысының ардагерлеріне Жеңістің 70 жылдығына арналған мерейтойлық медальдар табыс етілді (ФОТО)

Ақмола облысының Аршалы ауданында 312 адам мерекелік медальдармен марапатталды, деп хабарлайды Ақмола облысының ішкі саясат басқармасына қарасты «Ақмола Медиа Орталығы».
Ақмола 28 Сәуір, 09:16

«9-мамыр мерекесінің қарсаңында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған бірыңғай мерекелік медальдар туралы» Жарлығы шықты. Осыған байланысты аудандық әкімдік залына Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері шақырылды»,-делінген хабарламада.

Ардагерлерді Аршалы ауданының әкімі Жомарт Нұркенов құттықтап, денсаулық пен ұзақ ғұмыр тілеп, соғыстағы ерліктері мен қайсарлықтары үшін, жеңіс үшін алғысын білдірді. Ал денсаулық жағдайына байланысты келе алмаған ардагерлерге медальдар үйлерінде берілді. Медальды аршалылық 312 ардагер мен тыл еңбеккері алды.

Осы шараға орай аудандық мәдениет үйінде В.Н.Зеленый атындағы халық ансамблі соғыс әндерінен арнайы концерт ұйымдастырды. 





Дерекнама

Яндекс.Метрика