Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

20 мыңнан астам ауыл тұрғыны «ЖҚЖК -2020» бағдарламасы мен «Өрлеу» жобасына қатысуға ниет білдірді

ҚР ДСӘДМ жұмылдыру топтарының «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы жөнінде ағымдағы жылғы 16 наурыз және 24 сәуір аралығында жүргізген түсіндіру жұмысының нәтижесінде, 20234 адам осы бағдарламаға және «Өрлеу» жобасына қатысуға ниет білдірді («ЖҚЖК 2020» бағдарламасына - 14854 адам, «Өрлеуге» - 5380 адам), деп ведомстводан хабарлады.
Казахстан28 Сәуір , 08:56

«Әңгімелесуден, кәсіптік бағдардан өткеннен кейін және үміткерлердің қабылеттерін анықтағаннан кейін 7910 адам «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасын, 6043 қазақстандық азамат «Өрлеу» жобасын  жүзеге асыруға қатыса алатындығы белгіленді», - делінген хабарламада.  

Әңгімелесуден және кәсіптік бағдардан өткендердің арасынан бағдарламаға 6529 адам, жобаға 443 адам қатысуға өтініш білдірді. 4348 адам «ЖҚЖК 2020» бағдарламасына, 362 адам «Өрлеу» жобасына қатыспақ.

Осы кезеңде жұмылдыру топтарымен 191 аудан (459 елді мекен) қамтылды.

Бұрын хабарланғандай, жалпы Қазақстан бойынша құрамында 441 қызметкері бар 178 жұмылдыру тобы құрылған болатын. Бастапқы кезде жұмыссыздық деңгейі жоғары, өздігінен өнімсіз жұмыспен қамтылған, әлеуметтік аз қамтылған тұлғалары көптен саналатын, сондай-ақ халықтың «ЖҚЖК 2020» бағдарламасына қатысу деңгейі төмен 181 ауданның 404 ауылының тұрғындарын қамту жоспарланған болатын.




Яндекс.Метрика