Сайлау-2015

Н.Назарбаев Қазақстанның барлық халқының сеніміне енген мандаттың иесі - ҚХА (ФОТО)

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда тұратын барлық халықтардың сенімінң мандатына ие деуге болады, деді ҚХА төрағасының орынбасары және хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауының қорытындысына байланысты өткен жиында.
Астана қаласы 27 Сәуір, 18:27

«ҚХА сайлау өткізу туралы бастамасы – халық таңдауының, оның тұрақтылық пен ертеңгі күнге деген сенімінің жүзеге асуы, мүлтіксіз әлеуметтік-экономикалық бағыты мен тұрақты дамуға,  қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікке деген ұмтылысы. Нұрсұлтан Назарбаевтың басты халықаралық ұйымдар мен әлемдік көшбасшылардың және миллиондаған қарапайым халықтың тарапынан қолдауға ие болып отырған халықаралық деңгейдегі беделі халықаралық қауымдастыққа сәтті ықпалдасуы мен Қазақстанның қауіпсіз дамуының кепілі болып табылады»,-деді Е.Тоғжанов.

Салтанатты шараға ҚХА сайланған Парламент депутаттары мен Қуаныш Сұлтанов, Мұрат Ахмадиев, Жұматай Әлиев, Егор Каппель, Роман Ким, Киктор Киянский, Ахмет Мұратов, Надежда Нестерова, Зухра Саяпова, Юрий Тимошенко, Розақұл Халмұрадов сынды өзге де бірқатар азаматтар қатысты.   

Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылдың 14-ақпанында ҚХА мәжілісінің қорытындысы бойынша Ассамблея өкілдері Қазақстан халқына кезектен тыс Президент сайлауын өткізу туралы бастамасымен қайырылды.  

Ботагөз Айтжанова

Фото Азамат Алиев





Яндекс.Метрика