EXPO-2017

Н.Назарбаев: ЭКСПО-2017 аймағында жаңа қаржы орталығы ашылады

ЭКСПО-2017 аймағында жаңа қаржы орталығы ашылады, деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада сайлау қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясында.
Астана қаласы27 Сәуір , 17:29

«ЭКСПО аяқталған соң павильондар қолданылатын болады,ауылдар тұрғын үй ретінде қолданылмақ, аймақта қаржы орталығын құруға тырысамыз, барлық мекемелер оған ыңғайлы етілген», - деді Елбасы Н.Назарбаев.

Президент атап өткендей, ЭКСПО-2017 Қазақстан үшін өте маңызды жоба, оның алаңында үздік қазақстандық және әлемдік ғылыми жетістіктер паш етіледі. «Үлкен 100 метрлік шар – Қазақстанның басты павильоны – соған арналады. Бірінші қабатта энергия толқынын қалай алуға болады, жапондық және өзге ел тәжірибесі, голограмма болашақта болатын жағдайды көрсетеді», - деді ол.

Мемлекет басшысы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінде жас ғалымдарға барлық жағдай жасалатынын айтты.

Камила Амирова

 




Яндекс.Метрика