Евразиялық одақ

40 ел Еуразиялық экономикалық одаққа қызығушылық танытуда - Назарбаев

40 ел Еуразиялық экономикалық одаққа қызығушылық танытуда,деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада өткен сайлау қорытындысына арналған баспасөз конференциясында.
Астана қаласы27 Сәуір , 17:11

«Дағдарыс – әлемдік, ішкі экономикалық дағдарыс Қазақстанға әсер етпеді. Ол біріншіден, әлемдік нарықтарда  экспорттық тауарға  түсетін  бағаның  түсуі мен Еуропа мен Ресей арасындағы санкцияға байланысты», - деді Президент.

Еуразиялық экономикалық одақ – біздің барлық елімізге арналған маңызды жоба, деді Н.Назарбаев.

«Бүгінде 40 ел Еуразиялық экономикалық одаққа қызығушылық танытуда. Жақында Түркия Президенті Қазақстанға келген сапары барысында олар бізбен  сауда қауымдастығын құруға мүдделі екендерін айтты. Вьетнам, Шығыс Еуропа елдері мен өзге өңірлер ЕАЭО-мен еркін саудаға ие болғысы келеді», - деді Елбасы.

«Біз сын-қатерлер болатынын осыған дейін де айттық. Тауар айналымы түсті деп сын айтуда – әрине төмендеді, себебі бағалар барлық тауарға төмендеді. Біздің шекаралар сауда үшін ашық болады, еңбек капиталы үшін де шектеу жоқ, кәсіпорындар бір елден екіншіге өтеді. Бірлескен кәсіпорындар ашылуда», - деді Мемлекет басшысы.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика