Сайлау-2015

Қызылордада жеңімпаздар форумы өтті (Фото)

Қызылордада Елбасының сенімді өкілдері, Сыр жастары бас қосқан «Тарих таңдаған, халық қолдаған» жеңімпаздар форумы өтті, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Қызылорда 27 Сәуір, 18:37

Жиналған 2 мың адам президенттік сайлауда жеңіске жеткен Нұрсұлтан Назарбаевқа осылайша қошемет көрсетті.

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Сыр елі халқына саяси науқанда танытқан белсенділіктері үшін алғысын айтып, кешегі сайлаудағы Елбасы жеңісі баршаға ортақ қуаныш екендігін атап өтті.

«Сын сәтте сыр бермеген Сыр жұртшылығын ортақ жеңіспен шын жүректен құттықтаймын. Сайлауды ұйымдастырып, оны өткізуге ат салысқан барлық азаматтарға, әсіресе жастарға, әрбір жерлеске Елбасының атынан ризашылығымды білдіріп, рахмет айтамын. Сіздер қосқан үн Тәуелсіз Қазақстанның толағай табыстары болып жаңғыратынына кәміл сенеміз», - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.

Айта кетейік,  кеше түнде сайлау қорытындысын естіген Сыр елі жастары автошеру ұйымдастырды. Сондай-ақ тарихи сәттің тағы бір қуанышы ретінде «Домбыра думан» өткізілді. Өнерлі өрендер түрлі әндер шырқап, домбыраның күмбірлеген дауысымен айналаны әсем әуенге бөледі.

 





Яндекс.Метрика