Парламент

Қазақстан Президентінің арнайы елшісі Жаңа Зеландияда болды

Қазақстанның кандидатурасын 2017-2018 жылдар аралығында БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болуын өзге мемлекеттер тарапынан қолдауды жүзеге асыру мақсатында Парламент Сенатының депутаты Сергей Громов Жаңа Зеландияда сапармен болды.
Әлемде27 Сәуір , 20:21

Сенат өкілдерінің хабарлауынша, сапар барысында арнайы елші Жаңа Зеландияның Сыртқы істер министрі Герард ван Бохеманмен кездесіп, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жаңа Зеландия Премьер-Министрі Джон Киге жолдаған жолдауын табыс етті.  

Жаңа Зеландия тарапы жоғары баға беріп, Қазақстанның халықаралық және аймақтық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саясатын, нақтырақ айтқанда, жаһандық ядролық қарусыздану мен оны таратпау саласындағы бастамалары мен Ауғанстанды соғыстан кейін экономикалық және гуманитарлық жағынан қалпына келтіру жөніндегі шараларын қолдайтындықтарын білдірді.  

Герард ван Бохеман елдегі этникааралық және конфессияаралық үйлесімділікке ерекше көңіл бөлді. Ол Қазақстан халқы Ассамблеясы институты мен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің ерекше  рөлін атап өтті. Жаңазеландиялықтарға сонымен қатар, Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатындағы басты оқиғалар туралы, соның ішінде «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты туралы  баяндалды. Бұған қоса арнайы елші Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысты да дайындық шаралар туралы  айтып берді.    

 

 




Яндекс.Метрика