Сайлау-2015

Сайлаудағы ең жоғары белсенділік 11:00 мен 12:00 арасында өтті – сарапшы

Президенттік сайлау ең жоғары белсенділік 11:00 мен 12:00 арасында өткендігін байқатты. Бұл туралы Әлеуметтік-саяси зерттеу институтының директоры Айгүл садуақасова «Сайлау 2015: қорытындылар мен бағалар» сарапшылар форумында айтты.
Астана қаласы27 Сәуір , 15:29

«Біз сайлау күні 4 айналым жасадық, ол бір күнгі сайлауды сараптауға жетті. Біздің сайлау учаскелер 7:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істеді. Барлық қызық 8:00-ден басталды, 10:00-ге бірінші кезектің нтижелері берілді, екінші кезең 10;15-пен 12:15-ке дейін созылды, үшінші айналым түс кезінде 13:00-15:00 болса, төртінші айналым 17:00-19:00-ге дейін созылды», - деді ол.

Әлеуметтік-саяси зерттеу институтының директоры атап өткендей, сайлаудың белсенділігін уақыт арқылы бөлуге мүмкіндік берілді.

«Біз Ортсайлауком берген мәліметтерді саралап отырдық, бұл сайлаудың ерекшелігі біз таза уақытта сайлаудың белсенділігін ажырата алдық, 16:00 кезінде ОСК бізге ең көп белсенділік 11:00-12:00 уақытында болғанын айтты. Біз бұл көрсеткішті exit-pool арқылы байқадық», - деді ол.

А.Сәдуақасованың айтуынша, түске дейін 60 пайыз сайлау парақтары толтырылса, түстен кейінге 40 пайыз қалды.

«Жалпы таңда 40 мың респондентті құрады, оған Қазақстанның барлық облыстары мен Астана, Алматы қалалары енді. Жалпы, Қазақстан бойынша, 160 сайлау учаскесін қамтыды. Ауылдық электорат таңертең дауыс берді, Астана мен Алматы түстен кейін дауыс бере бастады. Жалпы, республика бойынша, 350 интервьюер жұмыс істеді», - деді А.Сәдуақасова.

Индира Кауметова

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика