Халықаралық интеграция

ҚХР төрағасы Қазақстанға мамыр айында іс-сапармен келеді

ҚХР төрағасы Қазақстанға мамыр айының басында іс-сапармен келеді, деп хабарлады Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақордадағы Президенттің кезектен тыс сайлауы қорытындысына арналған баспасөз конференциясында.
Астана қаласы27 Сәуір , 15:23

«Біз Қытай төрағасы  Си Цзиньпиннің мамыр айының басында Қазақстанға сапарын күтіп отырмыз және ҚХР-мен  жаңа бағдарлама - Қазақстан экономикасын әртараптандыруды талқылайтын боламыз. ҚХР-мен бірлесіп ондаған кәсіпорындарды түрлі негізде: қытайлық қаржы институттарының қаржысына және бірлескен кәсіпорындар негізінде саламыз», - деді  Н.Назарбаев.

««Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру арқылы «Батыс Еуропа  Батыс Қытай» көлік дәлізінің құрылысын аяқтаймыз. Барлығы 8 мың шақырым Қытай, Қазақстан Ресей және Еуропа арқылы өтеді. Біз бұл жолды ағымдағы жылы аяқтаймыз. Біздің еліміз арқылы Қытайдан заманауи автобан өтеді»,- деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.

Бұдан басқа, өткен жылы Қазақстанның орталығынан Каспий теңізіне дейін теміржол құрылысы аяқталды. «Енді Қытайдан Каспийге дейін әлем теміржолда біріктірілді. Әуе байланыстарда бар. Ляньюньган  портының контейнерлері Қазақстан арқылы Еуропаға жөнелтілуде. Бірнеше жыл ішінде жүк айналымын 20 млн тоннаға дейін арттырамыз»,- деп толықтырды Мемлекет басшысы.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика