Адами капитал

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуде өтетін парадқа қатысады

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуде өтетін парадқа қатысады, деді Мемлекет басшысы кезектен тыс Президент сайлауына байланысты Ақордада өткен баспасөз-мәслихатында.
Астана қаласы27 Сәуір , 15:04

«Мен Мәскеуде 9 мамыр күні өтетін парадқа қатысамын, мен осылай деп шештім. Қазақстанда 7 мамыр  Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылған күні. Бізде қазақстандық парад болады және мен ардагерлермен осы жерде кездесемін, 8-мамырда Мәскеуде боламын»,-деді Президент.  

«Бұл біздің бәріміз үшін ұлы жеңіс. Біз ол уақытта бір мемлекет болатынбыз және біздің барлығымыз соғыстық. Ол уақытта Қазақстан халқының саны, соғыс алдында 10 миллионға жуық болатын. Қазақстандық әрбір отбасы сол Ресейдегідей бұны жақсы сезінеді. Ардагерлер саны күннен күнге сиреп барады. Мен Қазақстандағы ардагерлер өздеріне жақсы сезінеді және барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етілген деген ойдамын. Бұл ұлы жеңіс, болашақ ұрпаққа өнеге болатын ұлы іс»,-деп есептейді Нұрсұлтан Назарбаев.    

Мемлекет басшысы сонымен қатар, жақында Мәскеуде Еуразиялық экономикалық одақтың Жоғары кеңесінің мәжілісі өтетіндігін айтты. «Біз ол жақтағы (Мәскеудегі) кездесуді осы мәселелерді талқылау үшін пайдаланамыз және Ресей Президенті мен өзге де бірқатар лауазым иелерімен кездесіп, екіжақты қарым-қатынастарды талқылаймыз»,-деп қорытты сөзін Елбасы.  

Камила Амирова

 




Яндекс.Метрика