Адамзаттық капитал

Шалғай елді мекендердің 4 мыңнан астам тұрғыны әлеуметтік төлемдер тағайындау жөнінде кеңес алды

Шалғай елді мекендердің 4 мыңнан астам тұрғыны ауылдан шықпай-ақ, әлеуметтік төлемдер тағайындау жөнінде кеңес алды, деп хабарлады Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі.
Казахстан28 Сәуір , 08:37

«2015 жылғы 16 наурыз бен 24 сәуір аралығында еліміздің шалғай елді мекендерінде тұратын 4053 азамат арнайы жұмылдыру топтарының құрамында ауылдарға барған Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының, «Қазпошта» АҚ және халыққа қызмет көрсету орталықтары мамандарынан зейнетақы және жәрдемақы тағайындау жөнінде кеңестер алды», - делінген хабарламада.

Ауыл тұрғындарына мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін аталған ұйымдардың 830 қызметкері жұмылдырылды. Атқарылған жұмыс қорытындысында жүгінген 4053 азаматтың 2521-і түрлі әлеуметтік төлемдерді рәсімдеу бойынша кеңес алды, 1018 адамнан деректемелерді өзгерту жөнінде өтініштер қабылданды, 514 ауыл тұрғыны зейнетақы және жәрдемақы тағайындауға құжаттарын тапсырды.

Ағымдағы жылғы 16 наурыз бен 24 сәуір аралығында жұмылдыру топтары еліміздің барлық өңірлерінде 521 шалғай ауылдық округті қамтып, оларға 1085 рет, оның ішінде жоспардан тыс 11 рет барды.

Зейнетақы және жәрдемақы тағайындау жөніндегі барлық өтініштер бойынша электрондық іс макеттері жасақталып, өкілетті органның қарауына жіберілді. Ағымдағы жылғы 24 сәуірдегі жағдай бойынша 481 өтініш берушіге зейнетақы және жәрдемақы тағайындалды. Зейнеткерлік куәліктер және хабарламалар азаматтарға жұмылдыру топтарының келесі сапарларында жеткізілетін болады.

Жұмылдыру топтарының жұмысы пилотты режимде жылдың соңына дейін созылады. Тұрғылықты жері бойынша қызмет алушыларға қызмет көрсету (құжаттарды қабылдау және шот ашу) мемлекеттік қызметті алу уақытын және шығындарды төмендетуді, қолайлылықты, оңайлатылған тәртіпті қамтамасыз етеді.

Бұған дейін хабарланғандай, ағымдағы жылғы 12 наурызда «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМҚК, «Қазпошта» АҚ және «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК арасында Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Аталған құжат «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңын іске асыруға бағытталған.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика