Инвестициялар

Ақмола облысында инвесторларға тартымды жағдай қалыптастырылуда

Ақмола облысының Жарқайың ауданында Иран инвесторларымен бірге көлемі жылына 120 мың тоннаны құрайтын Тасты-Талды ауылындағы элеваторды қалпына келтіру жобасы жүзеге асырылуда, деп хабарлайды «Ақмола Медиа Орталығы».
Ақмола27 Сәуір , 20:36

Таратылған ақпараттар бойынша, астықты қабылдау жұмыстары биылғы жылдың күзінде-ақ басталады. Элеваторды қалпына келтіру жұмыстарына 70 ауыл тұрғыны қамтылған. Бастапқы инвестициялардың көлемі 90 миллион теңгені құрады, бұдан әрі тағы 400 миллион теңге тартылады.  

«Ақмола облысының дәні әлемдегі ең жақсы дәндердің бірі, сондықтан Қазақстанға инвестиция салу өте тиімді әрі ыңғайлы. Қазақстанда қатты аяздар болады, есесіне мұнда өз ісін адал атқаратын қонақжай азаматтар көп»,-деді «Агро Нұр Азия» ЖШС жетекшісі Гахримани Массуд Хасанович.   

Хабарламада айтылғанындай, ауданға инвестиция тарту жұмыстары жалғаса береді. Ал аймақтың экономикасы мен инвестициялық тартымдылығы ауданның оң имиджінің қалыптасуына игі ықпал етеді.   

  

 

 

 




Яндекс.Метрика