Сайлау-2015

Н.Назарбаев: Қазақстанның әлемдегі беделін арттыру және достық қарым-қатыныс - басты міндет

Қазақстанның әлемдегі беделін арттыру және достық қарым-қатыныстар - басты міндеттер, деп хабарлады Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Президенттің кезектен тыс сайлауы қорытындысына арналған баспасөз конференциясында.
Астана қаласы27 Сәуір , 14:43

«Бастысы  мемлекетті салу, көпэтносты мемлекетті бір мақсат пен міндет жолында  біріктіру, Қазақстан экономикасын өсіру, Қазақстанның әлемдегі  беделін арттыру және көршілес мемлекеттермен достық қарым-қатынас орнату. Сонымен қатар, біздің бағдарламаларымыз, яғни менің халыққа болашаққа ұсынған бағдарламаларым  «Қазақстан - 2050» мега бағдарламасы еліміздің әлемнің дамыған отыз мемлекетінің қатарына кіруіне септігін тигізеді»,- деді  Н.Назарбаев.

Бұдан басқа, Елбасы атап өткендей, ағымдағы жылы Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кірмекші. Елімізде индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының алғашқы кезеңі аяқталған.

«Біз 800-ге жуық жаңа кәсіпорын салдық, олар дағдарыс кезінде экономикамызды ұстап тұруға мүмкіндік беріп отыр. Екінші бессылдық инновациялық құрылысқа арналған. «Нұрлы жол» инфрақұрылым бағдарламасы Қазақстан аумағында Ұлы Жібек жолын  бірлесіп салуды көздейді. Ол Қазақстанды транзитті мемлекет етеді, осылайша еліміз бойынша барлық автомобиль және теміржол желілерін қамтиды»,- деп атап өтті Президент.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика