Сайлау-2015

1991 және 2015 жылғы сайлаулар жоғары белсенділік пен көшбасшы жанына шоғырлануымен ұқсас – Қарин

1991 және 2015 жылғы сайлаулар жоғары белсенділік пен көшбасшы жанына шоғырлануымен ұқсас, деді Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Қарин «Сайлау 2015: қорытындылар мен бағалар» атты сарапшылар форумында. Шараны ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты, Қазақстан саясаттанушылар конгресі мен «Қоғамдық пікір» зерттеу институты ұйымдастырды.
Астана қаласы27 Сәуір , 14:36

«Кеше сайлау компаниясы аяқталды. Ол көптеген халықаралық және отандық сарапшылар айтқандай, мереке іспеттес өтті. Осы сайлау өзінің өтуі мен құрылымына қарай тұңғыш 1991 жылы өткен сайлауға ұқсайды. 1991 жылы да үлкен жауапкершілік пен оқиғалар ағыны болған кезең еді, қоғамның белсенділігі, бірлігі асқақтады», - деді Е.Қарин.

ҒЗСИ директорының айтуынша, 1991 жылы тұңғыш президенттік сайлау еліміздің ұлттық тарихының нүктесі болды, біздің мемлекеттілігіміздің жаңа кезеңі басталды, осында эмоционалды кезеңді бастан кешіріп отырған кез еді. «Адамдар біздің ел дамудың жаңа кезеңіне өткенін түсінді, қоғам елде, әлемде болып атқан күрделі істерді шешу үшін маңызды қадам жасады», - деді ол.

Айта кетейік, Сарапшылар форумы барысында электоральді компанияның қорытындысы талқыланды. Сарапшылар форумының жұмысына атақты саясаттанушылар, әлеуметтанушылар, ғалымдар мен сайлау үдерісінің тәжірибелі мамандары қатысты.

Индира Кауметова

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика