Сайлау-2015

Президент сайлауы ашық та демократиялы болды – ШЫҰ Бас хатшысы

Қазақстан Республикасының кезектен тыс Президент сайлауы ашық, демократия талаптарына сай өтті, деді Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы және сайлауға аталмыш ұйым атынан келген миссия басшысы Дмитрий Мезенцев ҚР Президенті сайлауына байланысты өткен баспасөз мәслихатында.
Астана қаласы27 Сәуір , 14:19

«Біз Астана, Алматы, Шымкент, Көкшетау, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарындағы сайлау учаскелерінде болдық. ШЫҰ-нан келген байқаушылар миссиясы сайлауды байқау жұмыстары бойынша мәлімет жазды. Біз Қазақстандағы Президент сайлауының ашық әрі демократия талаптарына сай өткендігін айтқымыз келеді. Біз учаскелік сайлау комиссияларының қаншалықты кәсіби жұмыс істегендігін көрдік. ҚР ОСК туралы айтатын болсақ, аппарат байқаушылар сұраған барлық мәліметерді тауып беруге қолғабыс етті. Біз Қазақстан азаматтарының сайлауда белсенділігін көрдік. Бұл көпұлтты мемлекеттің ауызбіршілігінің айқын көрінісі»,-деді Д.Мезенцов.    

Оның сөзінше, сайлау учаскелерінде адам өте көп болды, бұл да маңызды заңдылық. «Азаматтар мұнда өздерінің азаматтық борыштарын орындауға келді. Халық болашақтың таңдауын жасады және ол Президент Нұрсұлтан Назарбаев басқарып отырған көптеген даму бағдарламаларымен байланысты»,-деді ШЫҰ Бас хатшысы.
 
Жалпы алғанда, ШЫҰ байқаушылар миссиясының өкілдері дауыс беруге қатысты ешқандай сын-ескертпелер айтқан жоқ.  

Ботагөз Айтжанова




Дерекнама

Яндекс.Метрика