Сайлау-2015

ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы барысында заңдылық сақталды – Бас прокуратура

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Конституцияға сәйкес болып өткен Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы барысында заңдылықты қамтамасыз ету бойынша қажетті барлық шараларды қабылдады, деп хабарлады Бас прокуратура.
Астана қаласы27 Сәуір , 14:05

«Бас прокуратура бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сайлау процесіне қатысушыларға сайлау туралы заңнаманың нормаларын түсіндірумен және оларды бұзғаны үшін жауапкершілік туралы ескертумен екі рет (2015 жылғы 26 наурызда және 24 сәуірде) ресми үндеу жасады», - делінген хабарламада.

Сайлау науқанында прокуратура органдарына сайлаумен байланысты небәрі 4 өтініш түсті, олардың 3-уі заңнаманы бұзу фактілері туралы ақпарат немесе шағымдарды қамтымаған.

Бұл 3 өтініш құзыреті бойынша Орталық сайлау комиссиясына мәні бойынша қарау үшін жолданды.

Мысалы, ағымдағы жылғы 30 наурызда Алматы  қаласының прокуратурасы «Фэйсбуктегі» өздерінің парақшаларында Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін пікір айтуға жол берген екі азаматқа заңды бұзуға жол берілмейтіні туралы алдын ала ескерту жариялады.

Сайлау заңнамасының бұзушылық фактілері бойынша әкімшілік және/немесе қылмыстық істер қозғалған жоқ.

Бүкіл электоралдық кезеңде Қазақстан Республикасының соттарына сайлау процесіне қатысты 7 арыз түсті, олардың 1-і кері қайтарылды, 3-і бойынша қабылдаудан бас тартылды, 1 арыз қайтарылды, 1-і қараусыз қалдырылды және 1 шағым бойынша әкімшілік өндіріс тоқтатылды.

21 сәуірде әкімшілік өндіріс құқық бұзушылық оқиғасының болмауына байланысты тоқтатылды.

Салыстыру үшін алдыңғы президенттік сайлау барысында (2011 жылғы сәуір)прокуратура органдарында 87 өтініш қаралғанын, анықталған бұзушылықтар бойынша 16 әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс қозғалғанын, 2012 жылғы қаңтарда өткен парламенттік сайлау барысында прокуратураға 536 арыз түскенін, 76 прокурорлық қадағалау актілері енгізілгенін, 45 әкімшілік істердің қозғалғанын хабарлаймыз.   

Жалпы, электоралдық кезеңдегі қадағалау қызметінің нәтижесі Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы Қазақстан Республикасы Конституциясының және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңы талаптарының сақталуымен өткізілді деп тұжырымдауға мүмкіндік береді. 

   




Яндекс.Метрика