Сайлау-2015

Біз жаңа жетістіктерге жетелейтін көшбасшыға дауыс бердік – Сәпиев

Біз жаңа жетістіктерге жетелейтін көшбасшыға дауыс бердік, деді қазақстандық Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Астанадағы «Ұлт көшбасшысымен – жаңа жетістіктерге» форумы барысында.
Астана қаласы 27 Сәуір, 13:01

«Құрметті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін жеңіс күні. Бүгін сіз сайлау «рингінде» бірінші болып өз қарсыластарыңызды нокаутқа жібердіңіз. Біз өз мемлекетімізді жақсы көреміз және мықты Қазақстан үшін дауыс бердік. Сіздің арқаңызда бізде мықты мемлекет бар. Барлық жастар мен спортшылардың атынан алғыс айтамын», - деп құттықтады С. Сәпиев.

Бұған дейін хабарланғандай, экзит-поллдың нәтижесі бойынша ҚР Президентінің сайлауында нәтижелер былай бөлінді: Н.Назарбаевқа - 97,5%, Т.Сыздықоқва - 1,87%, Ә.Құсайыновқа - 0,63%. 

Индира Кауметова





Яндекс.Метрика