Сайлау-2015

Н. Назарбаев: Біз Қазақстанның ішінде бейбітшілікті нығайтамыз, сол арқылы өңір мен әлемде бейбітшілік орнатуға атсалысамыз (ВИДЕО)

Біз Қазақстанның ішінде бейбітшілікті нығайтамыз, сол арқылы өір мен әлемде бейбітшілік орнатуға атсалысамыз, деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Елбасымен бірге – жаңа жеңістерге» форумы барысында.
Астана қаласы 27 Сәуір, 12:42

«Біз бейбітшілікті ел ішінде нығайтамыз. Өз міндетімізді серіктестеріміз бен  әріптестеріміздің алдында адал атқарамыз. Біз ел ішінде бейбітшілікті нығайту арқылы әлемге бейбітшілік сыйлаймыз. Бізге сенеді, сондықтан біз дау туындап жатқан жерлерге қол ұшын созып оларды еңсеруге атсалысамыз. Біз Қазақстаннан үлгі алуға шақырамыз. Көпконфессиялы және көпэтникалық елдің бейбітшілік пен келісімде өмір сүру үлгі аларлықтай, бұл кемшілік емес, артықшылық. Бұл Қазақстан», - деді Н.Назарбаев.

Елбасы атап өткендей, елде сайлау аяқталды енді маңызды жұмыстар басталады.

«Біз дүниежүзінің алдында тағы да бір мәрте өзіміздің демократиялық тұғырымызды, саяси мәдениетімізді көрсеттік. Дүниежүзінен келген 850-ден астам байқаушы, 40 елден 170 журналист осы сайлауды байқады, солардың алдында Қазақстанның бірлігін, сенімін, Қазақстанның ішкі татулығын паш еттік», - деді Н.Назарбаев.

Н.Назарбаев атап өткендей, Қазақстан индустрияландыруды соңына дейін жеткізу қажет, жаңа екінші экономика құрып, млн-даған жұмыс орындарын ашып, кірістің жаңа сапасы мен адамдардың кәсібилігін арттыру қажет.

«Біз «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыруымыз қажет. Жол жүйелерін дамыту, Қазақстанды автожол мен темір жол және электр желілермен қамту қажет. Мен 5 халықтық реформа ұсынған болатынмын, бұл орайда бизнес бостандығы мен оны дамыту қабылданды. Бизнес әрқашан қолданылуы керек, жеке мүлікке бас сұғуға ешкімнің құқығы жоқ. Осы негізді біртұтас елді құру, қоғамды дамыту қажет. Бұл – жаңа кезек, күрделі жұмыс, біз оны еңсеруіміз керек. Сол үшін бізге мандат тапсырылды», - деді Елбасы Н.Назарбаев.

Қорытындысында, ол барлық қазақстандықтарға сәттілік тілеп, жаңа белестерді бағындыруды тіледі.

Индира Кауметова

 

 





Яндекс.Метрика