Сайлау-2015

Н.Назарбаев: Қазақстандықтар тағы бір мәрте бірлігі мен достығын көрсетті (ФОТО)

Қазақстандықтар кезекті рет бірлігі мен достығын көрсетті, деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Елбасымен бірге-жаңа жеңістерге» форумында.
Астана қаласы 27 Сәуір, 12:31

«Құрметті  Қазақстандықтар! Бүгін еліміз үшін тағы бір ұмытылмас тарихи кезең болды. Өздеріңізге белгілі, жаңа ғана Орталық сайлау комиссиясының мәлімдемесі болды. Ең бірінші алғысым - халқыма. Халықтың кезекке тұрып, таң атпастан бала-шағасымен сайлау учаскелеріне келіп, дауыс бергісі келгенін мен көрдім. Ол - зор сенім. Мұндай сенім әр мемлекетте бола бермейді. Осы арқылы Қазақстан өзінің бірлігін, болашаққа деген сенімін, Отанына деген сүйіспеншілігін, Мәңгілік Ел құра алатын күш-қуатын көрсетті. Еліміздің аспаны ашық болып, көпұлтты халқымыздың бірлігі жарассын. Мәңгілік Ел құру үшін баршамыз талмай жұмыс істейтін боламыз

Н.Назарбаев айтқандай,  біріншіден, қазақстандықтар өздерінің деңгейлерін байқатты.

«Біз дүниежүзінің алдында тағы да бір мәрте өзіміздің демократиялық тұғырымызды, саяси мәдениетімізді көрсеттік.  Барлығы Президентті сайлау үшін сайлау учаскелеріне келді. Бұл үлкен сенім мен жауапкершілік жүктейді. Сіздерге үлкен алғыс, қазақстандықтар», - деді Елбасы.

Индира Кауметова

Фото Азамат Алиев





Яндекс.Метрика