Сайлау-2015

Жамбыл облысының тұрғындары ҚР Президенті сайлауында азаматтық белсенділігін көрсетті

Жамбыл облысының тұрғындары ҚР Президенті сайлауында азаматтық белсенділігін көрсетті, деп хабарлады Жамбыл облысы бойынша СБРҚК филиалының төрағасы Парида Мамедова Комиссия ның облыстық филиалдарымен бейнекөпір барысында.
Астана қаласы27 Сәуір , 12:21

«Жамбыл облысындағы сайлауда халықтың электоралды белсенділігі жоғары деңгейде байқалды. Тіркелген 500 мыңнан астам сайлаушылардың - 90%-дан астамы дауыс берді. Кейбір аймақтарда таңертеңнен бастап сайлау учаскелерінде жоғары белсенділік байқалды», - деді П.Мамедова.

Дауыс беру барысында заңбұзушылық әрекеттер тіркелген жоқ. «Сайлаудағы көңіл күй ересек азаматтардың азаматтық ұстанымын көрсетті. Біз азаматтық белсенділікті артқанын және Қазақстандағы патриотизм сезімін өскенін көріп отырмыз», - деп толықтырды ол.

Сарапшылар ҚР Президентінің сайлауы әділ және ашық өткеніне сенімді.

Сайлауды бақылау бойынша республикалық қоғамдық комиссияның төрағасы Нұрлан Ерімбетов атап өткендей, ағымдағы жылы миссия қоғамдық байқаушылардың шектен тыс санын жинады  9500-ден асты, олар барлық сайлау учаскелерінде жұмыс істеді.

Камила Амирова




Дерекнама

Яндекс.Метрика