Сайлау-2015

ТМД миссиясы ҚР Президентінің сайлауындағы сайлаушылардың ерекше белсенділігін атап өтті – С.Лебедев

Ұйымдастару жұмыстары тыңғылықты ұйымдастырылған, сайлаушылар да ерекше белсенді, деді ТМД байқаушылар миссиясының басшысы, ТМД Атқарушы комитетінің атқарушы хатшысы Сергей Лебедев ҚР Президентінің сайлауына байланысты өткен баспасөз-мәслихатында.
Астана қаласы27 Сәуір , 12:19

«ТМД байқаушылар миссиясы 2015 жылдың 26 сәуірі күні өткен Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы Конституцияға және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» конституциялық заңға сәйкес өткенін мәлімдейді», - деді ол.

Оның айтуынша, сайлау еркін, ашық және демократиялық сайлаудың қағидаттарына сай өтті. ҚР  үкіметтік органдары мен барлық деңгейдегі сайлау комиссиялары сайлауда азаматтардың еркін таңдауын қамтамасыз етті.

«Сайлаушылардың белсенділігі елде болып жатқан үдерістерге өздерінің қатысы бар екендігінің, елдің болашағына немқұрайды қарамайтындықтарын білдіруге деген ұмтылыстың көрінісі деуге болады. Дауыс берудің алдын ала жасалған болжамдары Қазақстан тұрғындарының бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауды, экономикалық және әлеуметтік дамуды жетілдіруді, сыртқы саяси бағытты қолдайтындықтарын көрсетеді»,-деді С.Лебедев.      

ТМД миссиясы өкілдерінің мәліметтері бойынша, Қазақстан Президенті сайлауындағы ТМД миссиясы байқаушыларының құрамы 8 мемлекеттен 410 адамды құрады. Оның ішінде 15 байқаушы ұзақмерзімді негізде жұмыс істеді. Миссия өкілдері Қазақстан бойынша 3 мың 542 сайлау учаскелерін аралады.  

Ботагоз Айтжанова




Яндекс.Метрика