Сайлау-2015

Қазақстан Президентінің сайлауында шетелдік байқаушылар ұлт бірлігін атап өтті

Қазақстан Президентінің сайлауында шетелдік байқаушылар ұлт бірлігін атап өтті, деп хабарлады Сайлауды бақылау бойынша республикалық қоғамдық комиссияның төрағасы Нұрлан Ерімбетов ОКҚ-да өткен брифингте.
Астана қаласы27 Сәуір , 11:34

«Біздің ортақ ойымыз  сайлау әділ және ашық өтті. Шетелдік байқаушылармен жақсы байланыс орнатылды. Көптеген адамдар келді, біз олармен пікір алмастық, тәжірибемізбен бөлістік. Шетелдік байқаушылар үшін біздің мемлекетіміздегі оқиға сабақ болды»,- деді Н.Ерімбетов.

Сайлауды бақылау бойынша республикалық қоғамдық комиссиясының мүшелері еліміздің аймақтары мен шалғайдағы елдімекендерін аралады.

«Халық бірлігі шын мәнінде білінді. Бұл туралы елімізге келген барлық қонақтар атап өтті. Көптеген адамдар дауыс беруге отбасыларымен барды. Саяси шешімдердің қабылдауға қатысқысы келетін белсенді жастарда көп болды»,- деп атап өтті.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика