Сайлау-2015

А.Выборный: ҚР Президентінің сайлауы шынайы әрі әділ өтті

ҚР Президентінің сайлауы шынайы әрі әділ өтті, деді Ресей Федерациясының атынан бақылаушы Анатолий Выборный.
Астана қаласы27 Сәуір , 11:18

«Бүгін бақылаушылар тобы, біз өз жұмысымызды аяқтап, қорытындысын шығарамыз. Қазірдің өзінде зор сеніммен ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауының табысты өткенін айта аламыз. Бұл шынайы, әділ, ашық сайлау болды. Қазақстан халқы өз қалауларын нақты әрі айқын жасады. Сайлау халықаралық құқық нормаларына толығымен сай келетін Қазақстан Республикасының сайлау туралы ұлттық заңнамасына сәйкес өтті», - деді А.Выборный.

Оның айтуынша, Қазақстан халқының сайлау күнгі көңіл-күйі көтеріңкі болды. Олар сайлау учаскелеріне келіп, өздерінің дауысы елдің болашағы үшін маңызды екендігіне сенімді болды

«Біз байқағанымыздай, 26 сәуірде сағат 11:00-де ҚР президенттігіне үміткерлерге халықтың үштен бірі дауыс берді, 14:00-ге 68,48 пайыз адам таңдау жасады, бүгінде қорытынды бойынша  халықтың 90 пайызы сайлауға келді.  Бұл ҚР азаматтарының әрбір азаматының жауапкершілігін көрсетеді. Айта кетерлігі, сайлаушылар нұсқау арқылы емес, өз еріктерімен қалауларын таңдады»,- деді ол.

Жалпы, бақылаушылардың айтуынша, ҚР президентінің сайлауында  тәртіпбұзушылық байқалмады.

Ботагоз Айтжанова




Яндекс.Метрика