Сайлау-2015

ИЫҰ атынан байқаушылар: ҚР Президентінің сайлауында халықтың қалауын білдіруге барлық мүмкіндіктер жасалды

Қазақстан Ислам ынтымақтастығы ұйымының маңызды мүшелерінің бірі. Аталмыш ұйымның Бас хатшасының тапсырмасы бойынша, біз осы сайлауға байқаушы ретінда қатысып отырмыз, деді ИЫҰ миссиясының өкілдері.
Астана қаласы27 Сәуір , 11:52

«Біз осы демократиялық сайлаудың өткізілуінің куәсі болдық. Біз Астанада көптеген сайлау учаскелерін аралап, тұрғындардың дауыс беруге деген ерекше белсенділігін, дауыс беруге келген халықтың көптігін көрдік. Біз Президентті сайлау үшін мұнда өте жақсы жағдайлар жасалынғанын айтқымыз келеді. Мұнда сайлауға барі дайын, сондай-ақ ұйымдастырушылар мүмкіндігі шектеулі жандарға да қамқорлық танытып, олардың үйлерінде дауыс берулеріне мүмкіндік жасады. Таң атқаннан бастап-ақ дауыс берушілердің көптігі байқалды. Бұл сайлаудың өте жоғары деңгейде өткендігін және қазақ халқының жауапкершілігін көрсетеді. Біз сайлаудың ашық, ешқандай заңбұзушылықтарсыз өткендігін растаймыз. Халық мөлдір және қалыпты жағдайда өздерінің таңдауларын жасады»,-деді халықаралық байқаушылар.

Олар сондай-ақ Қазақстан халқына одан әрі даму мен өркендеп, өсе беруді тіледі.    

 

 

 




Яндекс.Метрика