Сайлау-2015

А.Чеботарев: Қазақстандықтар сайлауға үлкен қызығушылық танытты

Қазақстандықтар сайлауға үлкен қызығушылық танытты, деді саясаттанушы Андрей Чеботарев журналистерге берген сұхбатында.
Астана қаласы27 Сәуір , 11:13

«Сайлаудың қорытындылары сайлау науқаны басталардың алдында-ақ болжауға келетін. Сайлау қалың көпшілік күткендей-ақ өтті, сайлаушылар көңілдері қалаған таңдауды жасады, оппоненттер тарапынан қандай да бір мықты қарсылық болды деп айта алмаймыз. Сайлаудың сыртқы факторлардың әсері кезінде өткендігін назарға алсақ, осы факторлар өзінікін істеді, Қазақстан халқын осындай жағдайлардан артық ештеңе де біріктіре алмайды»,-деді А.Чеботарев.

Сарапшының айтуынша, алдағы жүргізілетін саясатта қандай да бір өзгерістер мемлекеттік аппаратқа қатысты болады. «Президент айтқандай, мемлекеттік жүйенің тұрақтылығы бағытында жылжу керек, сондықтан бұл жерде шешуші тарап мемлекеттік аппарат болады. Мемлекет басшысы 5 институционалды реформаларды атап өтті, әлемдік экономикада болып жатқан үдерістерді назарға алғанда, өзгерістер Еуразиялық ықпалдастық аясында тариф саясатын одан әрі жетілдіруге де бағытталатын болады»,-деді саясаттанушы.  

Индира Кауметова

 




Яндекс.Метрика