Сайлау-2015

ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына 95,22 пайыз қазақстандық қатысты - ҚР ОСК

ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында сайлаушылардың 95,22 пайызы дауыс берді. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мәлім етті.
Астана қаласы27 Сәуір , 10:28

«Облыстық, Астана және Алматы қалалық аумақтық сайлау комиссияларынан алынған деректер негізінде біз сіздерді ҚР Президентінің сайлауына сайлаушылардың келуінің қорытынды нәтижелерімен таныстыруға мүмкіндігіміз бар. Бұл көрсеткіш 95,22 пайызды құрады. Астана қаласына қарасты шетелдік учаскелер есебінен көбейді. Сол себепті Астана қаласы бойынша сайлаушылардың келуі 97,18 пайызды құрады», - деді Қ.Тұрғанқұлов.

Оның айтуынша, Егемен Қазақстан тарихында дәл осындай белсенділік бірінші рет болып отыр. Науқанды ұйымдастырудың жоғары деңгейіне байқаушылар мен сарапшылар көз жеткізіп, баса назар аударды.

«Сайлауға қатысты мәліметке байланысты республика бойынша Ә. Құсайыновқа – 0,7 пайыз, Н.Назарбаевқа – 97,7 пайыз, Т.Сыздықовқа – 1,6 пайыз дауыс берілген», - деді Т.Тұрғанқұлов.

Жалпы, ҚР ОСК сайлауының соңғы қорытындысы сайлаудан кейін 7 күннен соң бекітілуі керек, яғни 2015 жылдың 3 мамырынан ерте болмауы тиіс.

Ботагоз Айтжанова




Яндекс.Метрика