Сайлау-2015

Қазақстанда бірде- бір мемлекетте жоқ қасиет бар - ҚХА төрағасының орынбасары

Қазақстанда бірде- бір мемлекетте жоқ нәрсе бар, деп мәлімдеді ҚХА төрағасының орынбасары, болгар этномәдени орталығының төрағасы Олег Дымов «Strategy2050.kz»АА тілшісіне берген сұхбатында.
Астана қаласы27 Сәуір , 18:56

«Менің көз алдымда Қазақстан халқы Ассамблеясы қалыптасты, көптеген қоғамдық бірлестіктер пайда болды, олардың дәрежесі де өзгерді. Ұлтаралық қарым-қатынас  қоғамдық институтының келбеті  мен мақсатты міндеттері де өзгерді. Алғашқы жылдары мәдениет мәселелерін шешуге арналды, енді 20 жылдан кейін жүздеген ұлттық мектептер мен отыз шақты ұлттық тілдегі басылымдарымыз бар. Бізде бірде- бір мемлекетте жоқ нәрсе бар», - деді О.Дымов.

Оның айтуынша, Ассамблея 20 жылда мемлекеттегі этносаралық проблемаларды үйлестіретін институт ретінде мойындалды.

«Ол мемлекеттің өзіндік ерекшелігіне және Қазақстанның халықаралық брендіне айналды. Бүгінде еліміздің тәжірибесі көптеген  елдермен зерттелуде. Біз шетелде мемлекетімізді қалай қабылдайтынын көріп отырмыз», - деп атап өтті ҚХА төрағасының орынбасары.

Айта кетейік, 26 сәуірде Қазақстанда Президенттің кезектен тыс сайлауы өтті. Еxit-poll-дың нәтижесі бойынша сайлаушылардың 97,5%-ы Нұрсұлтан Назарбаевқа дауыс берген. Аталмыш сайлауда алғаш рет адамдардың белсенді атсалысуы байқалды.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу бастамасын Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі көтерді.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика