Сайлау-2015

Сайлаушылардың белсенділігі азаматтардың саяси мәдениетінің жоғары екендігінің көрсеткіші – саясаттанушы

Сайлаушылардың белсенділігі азаматтардың саяси мәдениетінің жоғары екендігінің көрсеткіші, деді саясаттанушы Айдос Сарым журналистерге берген сұхбатында.
Астана қаласы27 Сәуір , 10:52

«Біз тұңғыш рет сайлауға адамдардың кедергісіз, толыққанды қатысуына куә болдық. Бұл азаматтардың саяси мәдениеттілігінің  жоғарылығын көрсетеді. Есте болғандай, 1991 жылы Н.Назарбаевқп 98 пайыз дауыс берілген еді, бүгінгі күн осыған дәлел. Меніңше, Назарбаевтан кейін бір де бір саясаткер мұндай пайызға ие болмайды. Назарбаев – ұлт көшбасшысы, мемлекеттің негізін қалаушы жалғыз саясаткер», - деді саясаттанушы.

Сарапшының айтуынша, Қазақстан Президент өз билігін тұрақтандырып, өз өкілеттілігі мен әсері арқылы Парламентті күшейтіп, саяси партияларды нығайтып, азаматтық қоғамды дамыту кезеңіне өтті. «Біздің елде бетке ұстар көшбасы болғанның өзінде де қоғам сайлауға қатысуы керек, ол шешім қабылдауда белсенді болуы керек, себебі ол өзіне саяси жауапкершілікті де алады», - деді сарапшы.

Индира Кауметова

 




Яндекс.Метрика