Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Маңғыстау облысында жергілікті кәсіпкерлер үшін жаңа бағдарлама іске қосылды

Маңғыстау облысында жергілікті кәсіпкерлер үшін «Mangystau Business Executive Program» атты жаңа бағдарламасы іске қосылды, деп хабарлайды облыс әкімдігі.
Маңғыстау27 Сәуір , 19:52

Облыс әкімдігі мен Маңғыстау аймақтық Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бірлескен жобасы аймақтық компания жетекшілері үшін кешенді білім беру бағдарламаларын ұсынады. «Mangystau Business Executive Program» кәсіпкерлерді оқыту бағдарламасын іске қосу рәсіміне Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев қатысты.     

Әкімдіктің хабарлауынша, жарты жыл бойы қоластында 7 мыңнан астам адам жұмыс істейтін маңғыстаулық кәсіпорындар мен бірқатар саладардың жетекшілері операциялық және стратегиялық менеджмент қызметін зерделеп, келіссіөздер жүргізу, кайдзен және персоналды басқару, тиімді ойлау техникасы, маркетинг сияқты бағыттарды игеруге үйренеді. Аталмыш жобаға ақтысушылар 6 ай бойы 12 модульді үш күннен оқып, пәндерді зерттеуде кейс-тәсілдер мен бизнес-симуляциялар қолданылатын болады.      

««Eco-Operating» ЖШС негізгі бағыты жоюға жататын қалдықтарды жинау мен оларды тасымалдау, тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеп орналастыру болып табылады. Компанияда еңбек қауіпсіздігі мен өндірістің тиімділігін арттыруға көп көңіл бөлінеді. Сол себепті біз қызметкерлердің ұдайы біліктіліктерін жетілдіріп, оқытып отырамыз. «Шағын-МБА сияқты бағдарламаларымен оқыту арқылы мен персоналды тиімді басқару әдісін игеріп, қаржылық бақылау жүйесін жетілдіруді көздеп отырмыз»,-дейді «Eco-Operating» ЖШС директор Азамат Нұралиев.    

Оқыту жұмыстарынан соң оған қатысушылардың барлығы кәсіпорынды және персоналды басқаруда қажет болып табылатын кешенді басқару әдістерін игеретін болады. Сондай-ақ олар бизнес-үдерістер мен жобаларды, қаржылық жобаларды да игеріп үйренеді.  

 

 




Яндекс.Метрика