Өңірлер

Алматы облысында ирригациялық жүйелерді қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Көксу ауданындағы Көксу қант зауытына барды. Облыс басшысы зауыттың бүгінгі жай-күйімен танысып, қант қызылшасын өсіруге байланысты алдағы уақыттағы жоспарларымен бөлісті, деп хабарлады Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Алматы27 Сәуір , 09:49

Кездесуде Көксу қант зауытын ағымдағы жылдың қазан айында іске қосып, жылына 200 мың тоннаға дейін қант қызылшасын өңдеуге мүмкіндік туатыны жөнінде келіссөздер жүргізілді.

Сол үшін де аталған саланы қайта жаңдандыру мақсатында біз арнайы қолайлы деген облысымыздың 5 ауданын таңдап, онда 4 мың гектарға қант қызылшасын өсіруді жоспарлап отырмыз.

 «Сол үшін де біз шаруа қожалықтарына осы бағытқа ауыл шаруашылығы техникаларын және тұқым алып беру, субсидия бөлу сынды жан-жақты көмектер көрсетіп жатырмыз. Биылғы жылы біздің облыс бойынша қант қызылшасын өсіруге 240 млн. тг. көлемінде субсидия бөлініп отыр. Бүгінгі күні зауытқа жөндеу жұмыстары басталып кетті», - деп атап өтті облыс әкімі А.Баталов.

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика