Сайлау-2015

Сайлауға жастардың көп қатысуы Қазақстанның демократиялығын көрсетеді – халықаралық сарапшы

Халықаралық сарапшылар айтқандай, Қазақстандағы сайлау демократиялы және халықаралық стандартқа сай өтті, әсіресе қазастандық халықтың сайлау күнгі белсенділі аталып өтті, оның ішінде жастар қауымы айтарлықтай белсенді болды.
Астана қаласы27 Сәуір , 09:26

Сайлауға жастардың көп бөлігінің қатысуы Қазақстан демократиялығын көрсетеді, деді ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауының халықаралық байқаушысы, Испания Сенаты Парламентінің 8-9 шақырылымының депутаты Хосе Мария Чикильо.

«Осы уақыт ішінде Қазақстанды бейбіт, біртұтас ел ретінде таныдық. Жастардың көптеп қатысуы елдің демократиялығын көрсетеді. Біз осынша жасты көргенімізге қуаныштымыз, бұл жастардың  елдің болашағына бей-жай қарамайтынын айтады», - деді ол.

Халықаралық байқаушының айтуынша, сайлауға жастардың қатысуы олар Қазақстан болашағын ойлайтынын білдіреді. «Жастардың сайлауға қатысуы демократияны көрсетеді, сайлауға неғұрлым көп адам қатысса, соғұрлым демократиялы елдің белгісі анықталады»,- деді депутат.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика