Сайлау-2015

Қазақстандық сайлаушылардың сайлау үдерісіне толыққанды қатысуы тарихқа енеді – халықаралық сарапшы

Сарапшылар атап өткендей, қазақстандық сайлаушылардың сайлау үдерісіне толыққанды қатысуы тарихқа енеді. Сайлауға қатысушылардың мұндай дәрежеде болуын сарапшылар өзге елдерден байқамады.
Астана қаласы27 Сәуір , 09:04

Қазақстан Президентін  сайлау деңгейі еуропалық елдердің дәрежесінен жоғары болды. Бұл туралы ҚР Президентінің кезектен тыс  сайлауының  халықаралық байқаушысы, Сербия Республикасының депутаты  Драгомир Карич айтты.

Ол атап өткендей, ҚР Президентінің сайлауын еуропалық елдермен салыстырсақ, оның ішінде Сербиямен Қазақстанда сайлау үдерісі әлдеқайда жоғары деңгейде өтті.

«Қазақстанға келетін инвесторлар бірінші кезекте елдің тұрақтылығы туралы ойлайды. Қазақстанның тұрақтылығы – Орталық Азияның тұрақтылығы. Сіздің елдің басты байлығы адамдар, білім, ұрпақтар, тәрбие мен мәдениет. Бұл мемлекетті нығайта түседі, мықты ел әлемдік қауымдастыққа өте қызықты», - деді Драгомир Карич.




Яндекс.Метрика